«Вова ағамды көмекке шақырамыз»: Ұлтаралық алауыздықты тудырған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясы «Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясы жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Любовь Панованың үстінен қылымыстық іс қозғады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздықты қоздырған радиожүргізушіге қатысты сараптамалар тағайындалып, азаматшаның үстінен ҚР ҚК-нің 174 бабы бойынша іс қозғалған.

«Ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймын. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді өткізу Алматы қаласы полиция Департаментінің Тергеу басқармасына жүктелді. Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 наурызында іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданды», – деді қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Любовь Панова  өзінің жазбасы арқылы РФ Президентін көмекке шақыратындарын ел тұрғындарына меңзеген. Бұл жазба оқырмандарға тез тарап, тұрғындардың ашуына тиген. Аталған мәлімдемеден кейін «Европа Плюс Қазақстан» радиостанциясының басшылары Любовь Панованы жұмыстан шығарды. Еске салайық, Любовь Панова фейсбукта қазақстандықтарға қарата «Көп сөйлей берсеңдер, Вова ағамды көмекке шақырамыз» деп жазған еді. Қылмыстық кодекстің 174 бабында жазылған іс-әрекет дәлелденсе, күдіктіге  2-7 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here