Вьетнам басшысы Астанадағы әскери парадқа қатысады

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанадағы әскери парадқа қатысады.

«Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады», — деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.