Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Аружан Рақымжан мен Мария Елькина тұңғыш рет велотректен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жасөспірім қыздарымыздың бірі топтық сайыста, екіншісі жекелей сында жеңісті жұлып алды. Үндістанда өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы велотректен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар, жалпы, 16 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі — алтын, үшеуі — күміс, тоғызы — қола. Шабандоздар жекелей де, командалық та бәсекелерде бақ сынады.
Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен жарыста 30 мемлекеттен 300-ден астам спортшы шеберлігін байқады.