«Ұятсыз. Арсыз. Жабайы»: құдалықта қариялардың көрпе астындағы ерсі қылығы қазақтардың ашуын туғызды (видео)

Ұзатылған қыздың жасауын құдаларға көрсету кезінде жасалған  ерсі «қазақы ырым» қоғамның сынына қалды. Видеодағы оғаш қылықтар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Шал пен кемпір құдалықта кілемді айнала отырған қонақтардың көзінше құрақ көрпенің үстіне жатып, құшақтаса кетеді. Осы сәтте әйелдердің бірі олардың үстіне көрпе жабады. Қариялардың бұл әрекетіне туыстары мәз-мейрам болып, рахаттана күлген.

Үлкендердің әдепсіз қылығы желіде қызуға талқыға түсті.

«Қазақта осындай ұятсыз ырым жоқ, болған емес. Ойдан шығарған ерсілік. Мынаны көріп тұрган кіші балалар не ойлайды? Арсыздар!!! Ақсақалдарымыз осындай болса, жетіскен екенбіз! Не болып кетті? Не істеп жатсыңдар, бауырлар? Ырым-салт мұндай емес еді ғой. Қазақтың салт-ғұрпын аяққа тастадыңдар ма? Күннен күнге төмен түсіп бара жатқан жоқпыз ба? Ұят қой мынау, масқара! Ақсақалдарымыздан да ес кетіп есер болған заман-ай. Мынау, не масқара, үлкендерден үлгі алар ештеңе қалмады. Жабайылық», — деп сынады желі қолданушылары.

Десе де қарттарға араша түскендер де табылды.