«Үстіне секірді, қабырғалары, тісі сынған». Түркістан облысында ер адам әйелін өлгенше сабаған

Түркістан облысында ер адам әйелін төрт баланың көзінше ұрып өлтірді, – деп хабарлайды OTYRAR.

Оқиға 29 сәуірге қараған түні болған. Полицияға марқұмның жасөспірім қызы хабар берген.

«Бұл дерек Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Алынған заттай айғақ сараптамаға жіберілді. Күдікті өз әрекетін мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деді ПД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат Ордабасы ауданының тұрғыны. Ер адам полиция бөлімшесіне тіркелмеген. Сол күнге дейін көрші-қолаңнан, туыстардан айғай-шу туралы ешқандай арыз-шағым түспеген.

Қайғылы жағдайдан кейін ерлі-зайыптының екеуінің де ата-анасы кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына аламыз деп отыр.

Бұл ретте КТК телеарнасы мәліметі бойынша, әйелдің қызы анасын құтқаруды өтініп, төрт рет полицияға хабарласқан. Көмек 40 минуттан кейін ғана келген. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

«Аузына коньяк құйды. Сосын сол бос бөтелкені қызымның басына сындырды. Үйден моншаға шашынан сүйреп апарды. Басында шаш қалмады. Тістері сынған. Үстіне секірді, іші түгел зақымдалған, қабырғалары сынған», – дейді марқұмның анасы Қаламқас Сартаева.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here