Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген күдікті – Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі.

 

«Оған қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылды. Келтірілген шығын – 3,6 млрд теңге. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленушінің шағымы қайта қаралып жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында.

 

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.