Үш құзырлы орган Байбек пен Нығматулинге қатысты нақты жауап берді

Бұған дейін Алматының бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды

Әлеуметтік желіде қыркүйектің аяғында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны, ал «YDD CORPORATION» ЖШС акционері Ерлан Нығматулиннің алаяқтық жасады, салық пен кеден төлемін төлеуден жалтарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

Halyq Uni ақпараттың рас-өтірігін білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі және Бас прокуратураға ресми сауал жолдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Бауыржан Байбек пен Ерлан Нығматулин агенттік тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша күдікті деп танылмаған.

Агенттік ресми сайтта және әлеуметтік желілерде тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша ақпаратты үнемі жариялап отырады, – деп жауап берді агенттік Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.

Бас прокуратура да екі азаматтың арнайы прокурорлармен жүргізіліп жатқан істер бойынша фигурант емес екенін хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігі де Байбек пен Нығматулинге қатысты істердің ҚМА-да тіркелмегенін жеткізді.

Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімі болды. 2019 жылы AMANAT (бұған дейін Nur Otan) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті 2022 жылдың ақпанына дейін атқарды.

Ерлан Нығматулин – мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры. Сондай-ақ ол ферросилиций өндіретін «YDD CORPORATION» ЖШС акционері.

2020 жылғы ақпарат бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады.

Зауыттың акционерлері – Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here