ҰҚК тағы бір бастығы қызметінен босатылды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Дархан Ділмановты қызметінен босатты. Бұл туралы Qazaq.Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ділманов Шекара қызметінің директоры лауазымынан да босатылды. Ол жоғары лауазымды қызметке К.Мәсімовтың тұсында тағайындалған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еңбек қызметі: 1986-1998 жж. – МҚК/ҰҚК шекара әскерлерінде офицерлік қызметте; 1998-2015 жылдары – ҰҚК шекара қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

2015 жылғы 14 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметін атқарды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрметті сарбазы. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант атағы берілді.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here