ҰҚК басшысының орынбасары Асқар Амерханов Самат Әбішке қатысты айтты

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтемес жасап.

«Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс», – деді Амерханов.

Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.

«Білесіздер, (қазір тергеуде – еск.) бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы – Қызылорда және Алматы облыстары, Алматы бойынша және төртіншісі – бесінші департаменттің бұрынғы басшысы», – деп түсіндірді Амерханов.

Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар «Әрекетсіздік» және «Немқұрайлылық» баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!