Биылғы 2-3 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, және прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана мен Павлодарда Қазақстанның 3 азаматын ұстады.
Олар — экстремистік әрекеттер бойынша күдіктілер. Нақтыласақ, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілініп отыр.
«Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты», — дейді ҰҚК.
Қазір қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.