Фото: Алматы облыстық ПД
«Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford көлігі түгелдей өртеніп кеткен.
«Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ПД таратқан ақпаратта.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рульде отырған немқұрайлық таныту – қайғылы жағдайларға әкеледі.