Ұлытау облысында 3 адамға иіс тиіп көз жұмды

Фото: Pixabay

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында пештен шыққан ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«27 ақпан күні Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары — ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша уланудың себебі — қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», — делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.