Фото: Pixabay
«БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповтің айтуынша, бала 18 жасқа толғанша оның шотына түскен ақшалар Ұлттық қор аясында инвестицияланады. Ол кезде ақшаға ақша қосылуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ал, 18-ге толған баланың ақшасы БЖЗҚ-да болады. Яғни, ондағы қаражаттар инвестицияланбайды. Белгілі бір сомма шотта «қатып» тұрады. Өзгермейді. Демек, шоттан шешілмеген ақша ұлғаймайды деген сөз.
«БЖЗҚ-ға түскен ақшалар сонда сақталады. Оның иесі кез келген уақытта өтініш бере алады, сол кезде оның ақшасы төлемге жатады. Жалпы, баланың шотындағы қаражат кәмелетке толған соң да 10 жыл сақталады. Егер Бағдарламаға қатысушы бұл аралықта оны жаратуға өтініш бермесе, онда оның ақшасы зейнетақы шотына аударылады», — дейді Мұрат Шәріпов.
Дереккөз: qarzhylyq_sauat