Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жектің нәтижесін анықтауды талап етті.
Ұлттық комитет PBU-ға (Париж бокс бөлімі) ресми түрде апелляциялық шағым түсірді.
«Қазақстанның ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді және біз түсініктеме беруді талап еттік. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы маңызды жекпе-жекте жеңіске жетті.
Өткен матчтың нәтижесін қарау мүмкін емес екенін түсінеміз. Дегенмен ең маңызды халықаралық жарысқа төрелік ету қалған спортшылар үшін әділ және бейтарап болуын талап етеміз», – деді ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰОК қазақ боксшыларының жекпе-жегіндегі жеке төрешілер санына қатысты ПБҰ-ға ескерту берді. Ол қарауға қабылданып, тергеу басталды.
Париж Олимпиадасының жартылай финалына Мұхамедсабыр Базарбайұлы шыға алмағаны айтылды