«Уланып қалған»: Маңғыстауда бір отбасының 7 адамы көз жұмды

                                                             Оқиға мән-жайы

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жеті адамның мәйітін тапты. Олардың арасында бес бала болған. Барлығы оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан орын алған.

                                                       Тергеу және көмек көрсету шаралары

Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан отбасының жақындарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Жерлеу рәсіміне қолдау білдіру мәселесі де қарастырылған. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.

                                                     Бұған дейін болған оқиғалар

Айта кетейік, бұған дейін осындай қайғылы жағдай Мұнайлы ауданындағы «Қаламқас» тұрғын үй массивінде орын алған болатын. Ол кезде үш адам газдан уланып көз жұмған еді.