«Украинаның әр танкісін жойғандарға 1 млн рубльден беремін» — Лепс Қазақстанда концерт өткізбек

Ресейлік өнер иелері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғандарға бір-бір миллион рубльден беруге дайын отырғандарын жариялаған. Лепс енді Қонаевқа келіп, концерт өткізбекші, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Мұндай бастаманы «Земляне» тобының жетекшісі Владимир Киселев көтерген. Басков пен Лепс бұл идеяны қолдаған.

СөйткенГригорий Лепс шілдеде Қонаев қаласында концертін өткізуді жоспарлап отыр. Билеттің ең арзаны 50 мың теңге, ал ең қымбаты бір миллион теңге болады.