Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

«Украинаны ең ауыр ай күтіп тұр» – Киев мәлімдемесі

Посткеңестік кеңістіктегі республика екі емес, бірден төрт-бес облысынан айырылуы мүмкін. 

Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына 3 айдан асты (92 күн). Сарапшылардың бағалауынша, 2022 жылғы 24 ақпанға дейін бұл елдің аумағының 7%-ы іс жүзінде Ресейдің қоластына көшкен болатын. Қазіргі кезде Украина жерінің 20%-дан астамын Ресей басып алған.

Күні кешеге дейін украиналық әскер дұшпанын тықсырумен болды. Енді Ресей Қарулы күштері қайтадан сұрапыл шабуылдарға ден қойып, қарсыласы «азат етілді» деп есептеген жерлерді қайта жаулауға көшті.

Өткен айда Кремль «арнайы әскери операцияның екінші фазасының» басты мақсаты ретінде әлем мойындамаған «ЛХР/ДХР» псевдореспубликаларын Луганск және Донецк облыстарының әкімшілік аумағы шекарасына дейін кеңейтуді жариялаған еді. Алайда бүгінде Мәскеудің тек осы шекаралармен шектелмейтіні аңғарылады.

Кеше РФ президенті В.Путин бұдан былай Украинаның Херсон және Запорожье облыстарының тұрғындарын жеңілдетілген және жеделдетілген тәртіппен Ресей азаматтығына қабылдауды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Құжат РФ құқықтық ақпарат ресми порталында орналастырылды және сол күннен бастап күшіне енді. Бұл ретте «ЛХР/ДХР» аумақтарын біріктіретін Донбасс өлкесінің тұрғындарына Мәскеу 2019 жылғы сәуірден бастап паспорттарын оңайлатылған тәсілмен берген болатын. Украина СІМ-і көршісінің бұл жарлығына да наразылығын білдірді және берілген паспорттарды мойындамайтынын мәлімдеді.

Сарапшылар пікірінше, әлгі шешім Кремльдің көршісінің Луганск, Донецк өңірлеріне қоса, тағы екі облысын Ресей құрамына қосуға кіріскенін білдірсе керек. Ал бүгінде Путин тек Луганск облысына ғана толық дерлік иелік етіп отыр (РФ дерегінше). Қалған үш облыстың қомақты бөлігі Киев қолында қалды. Мәселен, Запорожье облысының солтүстігі және орталығы – Запорожье қаласы әзірге оккупацияланған жоқ. Демек, кем дегенде осы үш өңірдің әкімшілік шекарасына шыққанша, соғыс үдей беретін сыңайлы.

Бұдан бөлек, ресейлік әскер Днепропетровск облысының аумағын да жаулай бастады.

Осының алдында Ресей әскері Украина Қарулы күштерінен қатты жеңіліп, жаппай шегініп жатқан еді. 16 мамырда украиналық әскер дұшпанды түре қуып, Харковь облысында Ресеймен арасындағы шекараға дейін жетті. Сол маңда ақпанда құлатылған шекаралық бағананы қайта тіктеудің рәсімі де ұйымдастырылды. Жарылыстан көз ашпаған жұрт бір рухтанғандай көрінген. Артынша жергілікті күштер кері шегінуге мәжбүр болды.

Жағдайдың күрт өзгеруіне не ықпал етті?

Ұлыбританияның Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің корольдік институтының аналитигі Самуэль Кренни-Эванстың айтуынша, Ресей тарапынан соғысқа тек «контрактниктер», яғни майданға өз еркімен аттанған әскерилер, ЧВК-шылар және шетелдік жалдамалылар қатысуда. Украина болса, Отан қорғаушыларын мобилизациялады. Оларға тек әрбір жойылған жаудың техникасы мен ұшақтары үшін ғана төлейді. Алдыңғы шептегілерге 100 мың гривен сыйақы қарастырылған.

Ал Мәскеу Украинадағы «арнайы операцияға» қатысуға тілек білдіргендерге 300 мың рубль еңбекақы төлейді. Егер қаза тапса, ата-анасы, туыстарына 5 миллион рубль өтемақы беріледі. Ресейліктер үшін бұл түске кірмейтіндей орасан сома: Росстат дерегінше, РФ тұрғындарының 11%-ының не кем дегенде 16,1 миллионының тұрмысы «кедейшілік шегінен» де төмен. Нәтижесінде, Украинаға аттануға ынтыққан еріктілерде қазір есеп жоқ көрінеді. Әлеуметтік желілерде олардың ұзын-сонар тізімі бейнеленген видеороликтер жетіп артылады.

Ендеше, майдан даласындағы жағдайдың күрт өзгеруінің бірінші себебі – Мәскеу қару ұстағандардың жаңа толқынын жедел түрде қатарға қоя алды. Осы мақсатқа барлық военкомат, әскери базалар жұмылдырылды, сондай-ақ көліктегі «контракт бойынша әскери қызметке іріктеудің мобильді қосындары» федерацияның барлық түкпірлерін аралап жүр. Бұған қоса, Ресей контракті бойынша ақылы әскери қызмет ету жасын 65-ке дейін көтеретін болды. Мұндай шешімді РФ парламенті құптады. Бұрын ресейліктерге – 40 жасқа дейін, ал шетелдіктерге 30 жасқа дейін ғана контрактімен армияда қызмет етуге рұқсат етілетін.

Өз кезегінде, Киев төл армиясының қатарын толықтырудың қарқыны жөнінен қарсыласына ұтылып қалды. Би-би-сидің хабарлауынша, 13 мамырда Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников соғыстың ұзаққа созылатын фазасы басталғанын жариялай келе, армия санын 1 миллионға жеткізуге уәде етіпті. Ол міндет әзірге іске аса қоймады. Әрине, украиналықтар арасында Отанын қасық қаны қалғанша қорғауға дайын ұландар саны көп, бірақ кілтипаны сол – оларға ұстататын қару жоқ екен. 24 ақпан күні таңалакеуім шақта соғыс жарияламай, тұтқиылдан соққы берген Мәскеу жоғары дәлдікті зымырандарымен Украинаның көптеген қару-жарақ қоймаларын, әскери базаларын жарды.

Батыс әлемі Украинадан теріс айналған ба?

Ресми Киев енді «көмегін кешіктірді, қару-жарақ жеткізілімін созбалаңға салды» деп батыстық серіктестерін айыптап жатыр. Президент В.Зеленский кешегі мәлімдемесінде қатты сын айтты.

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович 30–31 мамырға Еуроодақ елдерінің саммиті жоспарланғанын қаперге салды. Онда Ресейдің мұнайын сатып алуға эмбарго енгізілуге тиіс еді. Алайда ол жөнінен ұжымдық Еуропа ымыраға келе алмауда.

«Ол аз болғандай, Украинаға көмек мәселесінде Еуропаның бірлігі бұзылып, кейбір ел бөле-жарыла бастады. Франция, Италия, Германия және Венгрия соғысты тоқтату жөнінде Кремлмен келіссөздер жүргізуді ұсынды. Бұл үшін олар Путиннің сұрағанын беру, яғни барлық басып алған украиналық облыстарды соған қалдыру керек, сонда бітімге келіп, жаңа Еуропаны құруға кірісеміз дейді. Өзге елдер және Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен басқа ұстанымда табандайды, яғни Украина майдан даласында жеңіске жетуі, агрессор стратегиялық тұрғыдан жеңілуі керек, келіссөздер содан кейін болады. Осылайша, Еуропа салмақты дағдарысқа маңдай соқты», – деп бағалады ол.

Салдарынан, әскери көмек сұйылып кетіпті.

«Ленд-лиз бен еуропалық көмек аясында мамырда қолымызға көп қару мен техника тиеді деген үмітіміз ақталмады. Бұған бірінші кезекте Германияның түрлі сылтаумен қару-жарақ беруді созбалаңға салуы тікелей ықпал етті. Бундестаг өткен айда бізге ауыр, сауытты техника жіберуге дауыс берді, Германия Үкіметі жібермей қойды. Олар уәде еткен Leopard танктері, Marder БМП-лары, Gepard өздігінен жүретін зениттік қондырғылары келгенде, ұрыс даласындағы жағдай мүлдем басқаша болатын еді. Үш ай бойы соғысқан украиналық әскер әбден қажыды, техникаларының көбі жойылды, істен шықты. Ресей авиациямен, артиллериямен үстемелете төмпештеуде. Біздің әскери позицияларымызды жау Искандер, Ураган, Смерчтермен қашықтан бомбалауда. Ал олардың позицияларын талқандауға біздің қолымыздағы қарудың көбі жарамайды. Салдарынан жауынгерлеріміз қынадай қырылып жатыр», – деп қапаланды Алексей Арестович.

Оның мәліметінше, тіпті АҚШ тарапының өзі уәде етілген дүркін атыс реактивті жүйелерін жібермеген. Саны аз батыстық гаубицалар майдандағы жағдайды көп өзгерте алмапты.

Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі өз елін «ең ауыр ай күтіп тұрғанын» жария етті.

«Ресей әскері қазір майдан даласында тактикалық табысқа қол жеткізіп жатыр. Онысы оперативті жеңіске дейін өсуі әбден мүмкін. Қарсылас бұған дейін тастап шығуға мәжбүр болған Сумы, Чернигов, тіпті Киев облыстарын қайтадан басып алу туралы сөз қозғай бастады. Егер Ресей әскері ірі жеңістерге жетсе, оған Беларусь армиясы қосылуы мүмкін. Яғни, биылғы наурыз айының басындағы ахуалға кері оралып барамыз. Батыс әскери көмегін тез әрі қажетті көлемде көрсетпесе, Украинаның жағдайы қиындай береді. Бірақ біз қайтпаймыз, соғысты жалғыздан жалғыз жалғастыратын боламыз, соңғы солдатымыз қалғанша, жерімізді жанқиярлықпен қорғаймыз», – деді ол ресейлік блогерге сұхбатында.

Соғыс барысының күрт өзгертуі Шығыс Еуропа елдерін шошынтты. Кеше Словакия Премьер-министр Эдуард Хегер «Ресей Украинаны тізе бүктірсе, содан кейін Словакияны басып алуға бар күшін шоғырландыруы мүмкін» деген қаупін жеткізді.

«Украина соғыста жеңуге тиіс. Әйтпесе, Украина жеңілсе, келесі құрбан Словакия болады. Агрессия өрістеуде, адамдар қырылып жатыр. Украина біздің құндылықтарымызды қорғау үшін өз қанын төгуде», – деген Хегердің мәлімдемесін CNN ұсынды.

Түбі, діні, түрі бір қос ел арасындағы қан-қасап қырғын өкінішке қарай, әзір бітпейтінге ұқсайды.

Жанат Ардақ

 

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here