Ұйғыр ауданының атын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Ауданның атауына қатысты шешімді жергілікті ономастикалық комиссия қарайды. Алматы облысының әкімі ол жақтағы мәдениет пен білім саласын көтеруге көбірек көңіл бөлінетінін айтты. Өңір басшысы облыс орталығындағы казиноларды көшіруге де тоқталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Қазір казиноларды ойын-сауық орны ретінде абаттандырыңдар деп жатырмыз. Оларды сауда орталықтарына айналдыруға болады. Казино мен демалыс орнын бөліп жасауға болады. Облыстағы жеті мыңға жуық адам казиноларда жұмыс істейді. Жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 миллиард теңге салық төлейді»,- деді облыс әкімі.
Оның сөзінше, казинолар басқа жаққа көшірілмейді. Ал Ұйғыр ауданының атауын жоғарыдағы билік емес, жергілікті комиссия қарайды.
«Ономастикалық комиссияарқылы шешіледі. Жоғарыдан саяси шешімнің қажеті жоқ. Этносаралық проблема жоқ. Ұйғыр ауданында білімге,мәдениетке көбірек көңіл бөліп жатырмыз. Ауданның келбетін,халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге жұмыс істейміз. Оның атауын өзгертудің өз тәртібі бар. Жергілікті халық ұсыныс береді,комиссия қарайды»,- деді Марат Сұлтанғазиев.
Qazaq.today