«Үйдегілер орысша сөйлейді»: Бибісара Асаубаева неге қазақша сөйлемейтінін айтты

Қаза қызы, шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді. 

«Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасында негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен үш турнир ойнаймын делік, мамырда екеуі жоспарланған, сондықтан… Мұнда таңдау керек шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын», — деді 19 жастағы спортшы.