Үндістандағы көшкіннен қаза тапқандар саны 150-ден асты

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында қатты муссон жаңбырының салдарынан 150-ден астам адам қаза тапты. Үйлерді су басып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы CNN сайтына сілтеп.

Ресми ақпараттарда 150-ден астам адамның суға кеткені хабарланды. Құтқарушылар қираған көпірлер мен ағаштардың кедергісінен және электр қуатының жоқтығынан іздестіру жұмыстары қиын болғанын айтуда.

«Біз із-түзсіз жоғалған адамдар өзенге ағып кетті ме, жоқ па білмейміз, бірақ оларды құтқару үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз», – деді Кераланың орман және жабайы табиғат министрі.

Осы уақытқа дейін мыңға жуық адам құтқарылған, іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Билік қаза болғандардың туыстарына 2400 доллардан, жараланғандардың әрқайсысына 600 доллардан төлейтінін мәлімдеді.

Фото: Stringer/Reuters

53