Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) барысында ең жоғары балл жинаған түлек белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Алматы облысының Талғар ауданындағы №22 орта мектептің түлегі Енсебек Жаннұр ҰБТ-дан 140 балл жинап, бірде-бір сұрақтан қателеспеген.
Бұған дейін Кентау қаласынан Айдос Қожанов 138 балл жинап, ел бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген болатын.
Еске сала кетсек, ҰБТ-ға қатысушылардың әрқайсысының жеке тест нұсқасы болады. Компьютер экранында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді.
Апелляцияға өтініш беру тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде мүмкін болады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Сонымен қатар, бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дағы орташа баллдың төмен болу себептерін түсіндіруге тырысқан.
15 мамырда Қазақстанда білім гранттарының тізімі жарияланды.