Фото: vesti.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.