Уақыт белдеуінің өзгеруі: ұялы байланыс операторлары үндеу жасады

Фото: Pixabay 

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Activ/Kcell,Tele2 және Beeline абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алды.

«01.03.24 ҚР бірыңғай уақытқа көшеді. Кейбір моб. қызметтердің жұмысы шектеулі болуы мүмкін: https://bee.gg/timekz Алаңдауға себеп жоқ», — деп хабарлады Beeline баспасөз қызметі.

Өзге ұялы байланыс операторлары да уақыт белдеуі ауысқанда банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екенін ескертті.