ТЖМ: «Өрт кезінде Юрий Ильин БАӘ-де жүрген деген хабар жалған»

Төтенше жағдайлар минитрлігі ведомство басшысы 8-9 маусымда Абай облысында өрт басталған кезде БАӘ-де болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.  8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.

«Министр Солтүстік Қазақстан облысына сапарын Абай облысындағы өртті тоқтатуға күш жұмылдыру үшін тоқтатты. Министр ТЖМ Күрделі жағдайлар орталығы штабын өзі басқарды», — деп хабарлады ТЖМ.

 

Qazaq.today