ТЖМ даланы өртеген жігіттің өз қызметкері екенін мойындады 

ТЖМ далаға өрт қойып жүрген жігіттің өз қызметкері екенін мойндады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Даланы өртеп жүрген 39 жастағы жігітті жолай өтіп бара жатқан адамдар көріп, полицияға хабарлаған. Жанат Утеулиев Алматы қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп келген. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарған.

«Ж.Е. Утеулиевты Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-бөлімінің 440-бабы және 1-бөлімнің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Тексеру шаралары барысында Ж.Е. Утеулиев құрғақ шөпті өртеу бойынша өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйінде болған», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here