«Тым сұлу, кербез ба…»: Рысбала Икрамбай атақты актер туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан

Танымал блогер Рысбала Икрамбай Наурыз мейрамына орай Алматыға келген әйгілі түрік актері Бурак Өзчивитке қазақтың ата салтына сай сый-құрмет көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Бұл азаматқа да қазағымның сый-сыяпатын көрсетіп, шапан алып қолына ұстатып жібердім! Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған елден келді, түбіміз бір түркі деп жанымызға жақын тұтамыз», — деп жазды Рысбала Икрамбай Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ блогер актердің шынайы өмірде түр-тұлғасы келіскен, сымбатты жан екенін жазған.

«Буракты да көрдік. Краш екен. Тым сұлу, кербез ба… Мұндай теңеу қыздарға ғана айтылатын шығар десем, бұл сөзге сай ер адамдар да бар екен», — деп әзілдеді ол.