«Тым қатты сынай көрмеңіздер»: Димаш Құдайбергеннің інісі видео жариялады

Димаш Құдайбергеннің туған інісі Әбілмансұр әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасына орай челледж жариялаған болатын.

Ал әзіл аралас видео жариялаған Әбілмансұр челленджге қосылатынын, алайда конкурсқа қатыспайтынын айтты.

«Бәріңізге сәлем! Бейнебаянның шығуына және ағамның «Тау ішінде» атты челленджіне орай креативті бейнебаян түсіруді жөн көрдім. Бірден айтайын: мен конкурсқа қатыспаймын видео көңілдеріңізді көтеру үшін, сондай-ақ юмор аралас шабыттың (немесе қысым шығар, кім білсін ) нәтижесінде пайда болды. Сондықтан тым қатты сынай көрмеңіздер, әзілмен бағалаңыздар!», – делінген жазбада.