Qazaq.Today ақпарат агенттігі мен кандидат С. Нюсупов арасында тараған ақпаратқа қатысы мәлімдеме:
Кандидат Саят Нюсупов пен сайт арасында 28 ақпан күні келісім шарт жасалған. Барлығы үш материал бойынша (орысша-қазақшаны қосқанда бір материал саналады) барлық ақпарат шыққан.
«Төлем бүгін 15 наурыз күні жасалды. Екі тараптың арасындағы түсініспеушілік мәселесі қазір жоқ. Жергілікті журналистер саяси дода кезінде екі тараптың арасындағы жұмысқа араласпауларыңызды сұраймыз»,- дейді Qazaq.Today ақпараттық порталының директоы Мейіржан Әуелханұлы.
Сонымен қатар үміткер С. Нюсуповтың сайлауалды штабы да аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Құрметті жерлестер! Талдықорғанның жергілікті бір пабликтерінде жалған ақпарат шығып отыр. Мен біреуді алдап, журналистерге ақша төлемей, сондай ақпарат шығып отыр. Бүгін ғана QazaqToday-дің бас редакторымен сөйлестім. Арамызда ешқандай түсінбеушілік жоқ. Қазір бұл ақпараттарды тарату бойынша заңгерлерім қарап жатыр. Біз кешке қарай реакция береміз»,- деді кандидат Саят Нюсупов өзінің инстаграм парақшасында.
Qazaq.Today