Түрмеге түскен экс-полицейді өлтіріп кетті

Бұрынғы полиця қызметкері түрмеде адам қолынан мерт болды. Ол Абай облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан,  деп хабарлайды  ҚазТАГ-қа сілтеме жасаған  Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтіру оқиғасының 5 қазанда болғанын мәлімдеді.

«Абай облысындағы №19 ҚАЖ аралас күзет мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, соның саладрынан сотталғандардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлады ведомстводан.

Семей қалалық ПБ «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. ҚАЖД мәліметінше, қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мекеменің бірнеше қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Аталған мекемеде бұрынғы тәртіп сақшылары жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін тараған ақпарат бойынша, колониядағы сотталғандардың бірі екіншісін пышақтап тастаған.