Түркияның Анкара қаласында 2023 жылдың 29/30 қыркүйек күндері өткен «Түркия республикасының құралғандығына 100-жыл, Түркия діндер тарихы ассоциацияның 30-жыл» қарсаңында өткізілген «Түркия діндер тарихы » ғылыми зерттеу конференция аясында 7 сессия, 2 пленарлық жиын, 49 панельдік пікірсайыс алаңдары жұмыс істелді. Шараға Түркияның түкпір түпкіріндегі шетелдік және Түркиялық 300ге жуық ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Конференция жұмысы әуелде Анкара университеті Илаһият Факультетінде басталып 2-күні Анкара Сосиял (әлеуметтік) білімдер университетінде жалғасын тапты. Осы екі күндік конференция аясында қатысушылар саяси басқару, әлеуметтік даму, дін тарихының өткені мен бүгініне анализ жасау, болашаққа діниі әлеуметтікті арттыру, экономикалық тұрақтылық және экологиялық тұрақтылық сынды әртүрлі талқыға салды. Ғалымдар тұрақты даму мақсаттарына байланысты өздерінің зерттеулері мен тәжірибелік мысалдарын ұсынып, ғылыми баяндамалар жасады Түркиялық діни әлеуметке Еуропалық қоғамның әсерінің жастарға келген ықпалы жиында көп талқыға түсті. Анкара университетінің Илаһият факультетінде бастау алған конференция Сосиял ілімдер университетінің сабақханасында екі университеттің Бакалавр, Магистр, Докторант студенттерінің қатысуымен қызығынды әрі ғылыми талқы алдым.
Сабақ барысында ғалымдарымыз бүгінгі таңдағы салафизм батыстық көзқараспен қарастырылғандықтан, ол радикалды ағымдардың инфрақұрылымы ретінде түсіндіріліп, тіпті одан әрі өтіп, ислам мен терроризмнің қатар аталуына себепші болып отырған маңызды сәтте, Осман империясына қарсы көтеріліс қозғалысы болып табылатын уаһабилердің, бабалық сара жолымызға, соңғы отыз жылда сұғынып кіріп, сал-дәстүрлеріміздің сыйқын кетіріп, сопылықпен сіңген «Обал болады», «Ұят болады», «Сауап болады» дейтін ұғымды талқандап, құқықтық исламды желеу етіп, дін арқылы отарлау саясатының улы жебесін отандастарымыздың әсіресе жастарымыздың діни өмір салт-дәстүріне жаудырып жатқанын тілге тиек етсе, кейбір ғалымдарымыз діни әлеуметтік пен экономикалық дамуға болған әсерлерін де талқылады.
Бұл жолғы конференцияда, жалпы діндер тарихына назар салсақ құдайдан келген хақ дін ислам дініміздің, қасиетті құранымыздың негізгі мақсаты кемел адам тәрбиелеп, сол арқылы бейбіт қоғам құру екенін жақсы түсінген дін дұшпандары әр кезеңдегі таза дін ұстанушыларды қарапайым халыққа терортс, жауыз етіп көрсету мақсатында күресіп келе жатқанын айқын көруге болады. Сондай-ақ одан құтылудың жалғыз жолы, Құран-Кәрім бастан аяқ ізгілік пен кешірімге толы ихсани өмір сүруге дәріптейтінін сезініп, Пайғамбар «Маған ең жақындарың көркем мінез иесі болғандарың» деп қайта-қайта дәріптеген хадисін басшылыққа алып, отандастарымызды барынша бауырмал, көркем мінезді болуға тәрбиелеп бабалар ұстанған ақидадан танбай сат-дәстүрімізді жандандыруда жатқанын білсек екен деп тұжырымдадым.
Авторы: Қасымхан Құрманбек,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың PhD докторанты
ИСЛАМТАНУШЫ, ДІНТАНУШЫ