Түркістандағы Ұлттық құрылтай несімен ерекше?

Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы бірінші отырыстан өзгеше. Бірінші кезекте Ұлытауда қандай да бір «старт» беріліп, болашақ жұмыстың контуры айқындалғандықтан, Түркістанда толыққанды жұмыс отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Құрылтайды өткізу форматы – екі жұмыс күні, пленарлық отырыс және үш секция отырысы мұның бәрі формальды тәсілдердің жоқтығын көрсетеді. Керісінше, Құрылтайдың жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – қоғамдық шоғырландыруды нығайту және кеңейту бойынша жаңа идеялар мен қадамдарды іздеуге және әзірлеуге бағытталғанын көруге болады.

Түркістандағы Ұлттық құрылтайдың бірінші күніндегі үш секция жұмысы аясында қызу пікірталастар мен жанды идеялармен алмасу – бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының эволюциясының көрнекі көрінісі. Президенттің бірнеше жыл бұрын ұсынған бұл идеясы тиімді саяси реформаларды қалыптастыруға және жүзеге асыруға ықпал етті.

Ал елдің барлық өңірлерінің өкілдерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын, ұлттың аса беделді және құрметті өкілдерін қамтитын ұлттық құрылтайды шақыру – бұл мемлекеттің стратегиялық шешімдерді қабылдауы бойынша қоғаммен «авторлық пен жауапкершілікті бөлісуге» дайындығының көрсеткіші.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына кең қоғамдық қызығушылық жаңа институттың қоғамда қажетті беделге ие екендігін көрсетеді. Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы жаңа қоғамдық шарттың көрнекі көрінісі болып табылатын негізгі диалог алаңына айналуда.

Қоғамдық келісімді нығайту және саяси тұрақтылықты сақтау мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматтарын талап етеді. Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңы болып табылады. Оның жұмыс істеуі қоғамның шоғырлануына ықпал ететін ұлттық диалогты қамтамасыз етуге арналған. Жаңа институттың тиімді жұмысы қоғамдық топтардың стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысуына жағдай жасайды.

Ұлттық құрылтай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық шоғырландыруды одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды әзірлеу болып табылады.

Құрылтайда қаралатын мәселелер шеңбері қоғамдық шоғырландыруды дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, қоғам, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету тақырыптарын қамтиды.

Құрылтай бұл жаңа қоғамдық институт және қоғамдық консолидацияны нығайту және кеңейту бойынша идеялар мен қадамдарды табуға және дамытуға арналған диалог алаңы.

Құрылтайдың алғашқы отырысы жаңадан құрылған Ұлытау облысында 2022 жылғы 16 маусымда өткізілгені назар аудартады. Іс-шара Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың төрағалығымен өтті.

Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы биыл Түркістан қаласында өтуде.

Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысынан кейін Президенттің бастамасымен 2022 жылғы желтоқсанда (Egov базасында) Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды.

Бұл платформада азаматтар қоғамның түрлі өзекті мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен ұсынымдарын жібереді.  

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында түрлі өңірлерден қосылатын                                  «Ұлттық құрылтай» арнайы бағдарламасы шығады.

Бағдарламада жалпы елдің дамуына ықпал ететін бастамалар талқыланады.

Сондай-ақ, Ұлттық құрылтайдың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттары іске қосылды.

Осылайша, Ұлттық құрылтай азаматтардың шағымдарын жинау бойынша коммуникацияның әртүрлі форматтарын пайдалана отырып, ашық және тиімді диалог алаңына айналады.

 

Qazaq.today