Фото: Түркістан облысы ПД
Полиция екі баласын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді, — деді ол.
Полицейдің айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.
Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, — деп толықтарды сөзін Мұрат Қабденов.