Түркістанда дөнер сататын дүңгіршекке жұмысқа орналасқан кәмелетке қызды жұмыс берушісі зорлап, артынша біраз уақыт қорқытқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Instagram парақшасында жазды.
Дина Таңсәрінің жазғанына сенсек, алғаш рет ол оны мектептегі соңғы қоңырау болған күні зорлаған. Оқушы қыз мектептен шыққан кезде ер адам көлікпен келе жатып, жұмыс туралы сөйлесу керек екенін айтқан, осылайша оны көлігіне отырғызып, қаланың сыртына алып кеткен. Оқушы қызды зорлағаннан кейін оған үйленемін деп уәде берген. Бірақ кейін қорқытып, тағы бірнеше мәрте зорлық көрсеткен.
«Іс сотқа бірнеше бап бойынша түскен. Кәмелетке толмағандарды зорлау, өз-өзіне қол жұмсау және өзінше билік ету. Бірақ судья дәлелдемелерді бағалап, аталған фактіні бұл өзара жыныстық қатынас деп шешті және зорлаушыны ақтады, тек «өзінше билік ету» бабын қалдырды. Бұл сұмдық үкім үшін қанша ақша төленді? 17 мамырда осы іс бойынша апелляциялық сот болады, қыздың ағасы зорлаушыны жазалауға көмектесуін өтінеді», — деп жазды Дина Таңсәрі.