Антикор Түркістан облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.
“Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды” делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмолада денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шыққан.
Qazaq.today
21