Фото: ТЖМ
Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызды құтқаруға 31 адам жұмылдырылғанын айтты.
«Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.