Түркістан облысында нөсер жауынның кесірінен мал қырылып жатыр

Түркістан облысында тоқтаусыз жауған жаңбырдың кесірінен ауылдарды су басып, мал қырылып жатыр. Қазығұрт ауданында  бес ауылды су басып қалған, деп хабарлайды Qazaq.Totay ақпараттық агенттігі.

Елуден астам үйге су кіріп,  400-дей мал қырылған. Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі тартылған. Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауылдық округтерінде жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша төтенше жағдай қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізген.

«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді»,- делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.

Ал, Шанақ елді мекеніне арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылып, ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа тартылған.

«Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысанының ішіне су кірген.  Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне жіберілген. Үй жануарларының шығыны бар, саны анықталуда. Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар арқылы көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен түні бойы жүргізілді», – деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here