Түркістан облысында әкім орынбасарының жанжалдасқан видеосы тарады

DK NEWS YouTube-арнасы, алдын ала ақпарат бойынша, Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев, Сайрам ауданының Анықтау бөлімінің бастығы Нұржан Сұлтанбаев және Сайрам АІІБ анықтау бөлімінің қызметкері Руслан Қайнаров түсірілген видео жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамдар «Қазына» кафесінде жанжал шығарғаны хабарланды. Ұрыс-керіс кадрларын куәгерлер түсіріп алған. Видеода әкімнің орынбасарына ұқсайтын ер адам қасындағы адамдарды итеріп, алдымен ер адамдармен, содан кейін әйелмен сөзге келетінін көруге болады. Кадрларда бейәдеп сөздер бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі видеода Ерлан Оразбаев бар екенін растады.

«Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға түсті. Әзірге оны жұмыстан шығарып немесе жазалауға болмайды», – деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова OTYRAR басылымына.

Түркістан облысы полициясы мәліметінше, оқиға 17 наурызда кафеде болған.

«Бейнежазбадағы оқиға 17.03.2022 жылы Сайрам ауданында болғанын хабарлаймыз. Жанжал куәгерлері бұл туралы дереу полицияға хабарлады. Оқиға орнына Сайрам АІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы жедел түрде шығып, қажетті шаралар қабылдады. Жанжалға қатысы бар адамдар туысқан болып шықты. Олар бір-біріне шағым жазудан бас тартып, татуласты. Осыған байланысты полиция қызметкері куәгерлердің көзінше өтініштерден бас тарту туралы акт жасады, іс тоқтатылды», – деді олар.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here