Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бөкей елінде Сайқын ауылындағы мәдениет үйінде «JIGERLEN» аймақтық мотивациялық жастар форумы өтті. Форум Кеңес Одағының Батыры жерлес апамыз Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен бастау алды.
Форумға аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов, облыстық қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, жерлесіміз М.Бисекенов, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы А.Ибраев, Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы, «Тау баласы» және «Біз Дендерденбіз» жыр жинақтарының авторы Ә.Орынбасаров, Бөкей ордасы ауданының тумасы, Президенттік грант иегері, “Үздік Жас фермер — 2021” атауының иегері. Батыс Қазақстан облысы бойынша “Qazaq Aqbas” палатасының амбассадоры, «Рашидов» шаруа қожалығының жетекшісі, “Жас Қыран” фондының құрылтайшысы, «Берекелі Мекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшысы және директоры А.Рашидов, «Taza Stand Up» жобасының жеңімпазы, жайдарманшы, актер Е.Халиуллин, Karantino production негізін қалаушы, жайдарманшы, актер, стандапер С.Қуанғалиев, «Ахметов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жерлес Ж.Ерболат, облысымыздың, ауданымыздың белді мобилографы А.Амангелді, көрші Жәнібек ауданының белсенді жастары және ауданымыздың жастары қатысты.
Шараның басында аудан әкімі Н.Даумов құттықтау сөз сөйлеп, форумға қатысушы қонақтарға қош келдің айтып,
-Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында,-деп барлық форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Форум барысында республикамызға Ақ¬жайық өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағынан дамытып, танытып жүрген, жетістікке жеткен тұлғалар, өздерінің жетістіктегі кездескен қиындықтарын жастарға қалай оңай алуға болады және өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Форум соңында мемлекеттік жастар саясатының дамуына және өркендеуіне қосқан елеулі үлестері үшін облыс әкімінің және аудан әкімінің алғысхаттарымен бір топ азаматтар марапатталды.
Форум аяқталғаннан кейін секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Секциялық отырыстар STAND UP және Jaidarman, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік желі мүмкіндіктері мобилография, SMM тақырыптарында өтті. Отырыста жастар А.Рашидов, Е.Жалғас, Е.Халиуллин, С.Қуанғалиев, Ә.Орынбасаров, А.Амангелдімен еркін форматта тілдесе алды. Жастар спикерлерден үлгі алатындарын айты.
Секцияның әр бағыты бойынша көптеген қызықты бастамалар айтылды, олар қорытындыланып, жастардың алдағы өмірлеріне пайдаланылатын болады.
.