Бүгін, 18 шілде танымал актер, өмірден ерте кеткен (1961-1999) Сағи Әшімовтың дүние келген күні. Мемлекеттік сыйлықтығң иегері тірі болғанда 63 жасқа толар еді. Актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағи Асанәліұлы ӘШІМОВ 1961 жылы 18 шілде күні дүниеге келді.
Ол Алматы қаласында туған. Алматы театр және кино институтын бітірген.
Кинодағы ең алғашқы рөлі – «Өз дәніңді өсір» фильміндегі Қалам. Кейін «Мазасыз балалардағы» әкім, «Ойлануға бір айдағы» Арыстан, «Қаралы сұлудағы» қызметші, «Айсұлу жайлы аңыздағы» Тәуекел хан, 4 сериялы «Шоқан Уәлиханов» телефильміндегі Шоқанның рөлін сомдаған.Сонымен қатар қазақтың тұңғыш көпсериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміндегі Темір Сабыровтың рөлдерін сомдаған.
Сағи Әшімов “Өз дәніңді өсір» және тағы басқада 20-дан астам фильмге түскен. Ол әкесі Асанәлі Әшімовтің «Шоқан Уәлиханов» атты 4 сериялы фильмінде басты рөлді сомдау арқылы аты кеңінен танылды және елдің сүйікті актерына айналды. Әшімов 1999 жылы «Тоғысқан тағдырлар» атты алғашқы қазақстандық сериалдың түсірілімі кезінде қайтыс болды.
Алматы қаласында актердың құрметіне қойылған мемориалдық тақта бар.
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өнер көгінен көрінген талантты актер, Сағи Әшімовтың құрметіне ашылған тақта Достық даңғылы, 40 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) мекенжайында орнатылған. Шоқан бейнесімен-ақ танылып, талайды тамсандырған өнер иесінің жарқын бейнесі мәнгі қазақ халқының есінде сақталып қала бермек.