Түркияда болған жарылыстан 5 адам қаза тауып, тағы 60-қа жуық адам жарақат алды

Түркияның Измир провинциясының Торбалы ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алды. Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылысқа табиғи газ себеп болған, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер Айранджилар орамында орналасқан мейрамханадағы өртті дееру сөндірген. Түркия Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч әлеуметтік желіде, сағат 14:43-те болған қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатқанын мәлімдеді. 

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.

Измир губернаторы Сүлейман Эльбан журналистерге жарылыстан айналадағы 11 ғимараттың зақымдалғанын айтты. Билік өкілдері оқиғаға газдың жарылуы себеп болғанын жоққа шығармайды.