Фото: diapazon.kz
Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында «жоғары сынып оқушылары бір қызды зорлады» деген ақпарат тарағаннан кейін ауылда шу шығып, екі көлік және бірнеше қора өртенген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі @azattyq телеграм арнасына сілтеме жасап.
Кей ақпаратқа қарағанда, оқиға 24 сәуір түнгі сағат екілер шамасында болған.
Түркістан облыстық полиция департаменті толық ақпарат дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Қазір ауылдың бірнеше оқушысы тергеліп жатыр.
Ауылды күштік құрылымдар қоршаған, интернет өшірілген деп айтылады.