Түркістан балабақшасында жаппай уланған сәбилердің жағдайы жақсарды

Түркістан облысындағы жеке балабақшаның бірінде 34 бүлдіршін тамақтан  жаппай уланған еді. Оқу-ағарту министрлігі балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың улану фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Жеке балабақшада балалардың тамақтан улану фактісі тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тексеру жүргізеді. Санитарлық нормаларды сақтамаған балабақша қызметкерлері жауап береді», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, балалардың жағдайы қалыпты. Барлық сәби үйлеріне жіберілді.