Фото: 1tv.ge
АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткоффтың ұшағы Мәскеуге қонды. Бұл туралы ресейлік БАҚ америкалық блогерлерге сүйене отырып жазды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Flightradar мәліметтері бойынша Уиткофф ұшатын Gulfstream G650ER бизнес джеті Мәскеудегі Внуково әуежайына жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында қонған.
t.me/mash
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльде Трамптың арнайы өкілі Мәскеуге келгені туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.
«Ешқандай ақпарат жоқ, бізде ешқандай кездесу жоспарланбаған», — деді Песков журналистерге.
Стивен Уиткофф — америкалық кәсіпкер және коммерциялық жылжымайтын мүлік инвесторы. 2024 жылы желтоқсанда ол АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі болып тағайындалды. Екі ай ішінде ол Израиль мен ХАМАС-ты келіссөздер үстеліне отыруға және ымыраға келуге мәжбүр еткені айтылады.