АҚШ президенті Дональд Трамп жуырда қайтыс болған Рим папасы Францисктің орнына келетін дін басшысы америкалық болғанын қалайды.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, АҚШ президенті Дональд Трамптың Рим папасы болған Францисктің жерлеу рәсіміне қатысуында көздеген мақсаты бар. Оның көптеген католиктік сайлаушылары бар: америкалық католиктердің 54% республикашылдар үшін дауыс берді.
Енді Трамп Рим папасының тағында америкалықты көру үшін ізбасарын таңдауға ықпал етуге тырысуы мүмкін, деп есептейді BILD тілшісі. Өйткені, Франциск Трамптың мигранттарға қатысты саясатын қатаң сынға алған. Бірде ол мигранттарға қарсы қабырға тұрғызатын үкімет басшысы «христиан емес» деп айтқан.