Фото: Jonathan Ernst / Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина, Ресей және басқа да тараптармен кездесулер мен келіссөздер жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz — ке сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы Ресей және Украина арасындағы жанжалды реттеу бойынша маңызды талқылаулар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Әртүрлі тараптармен, соның ішінде Ресей және Украинамен кездесу мен келіссөз жүргізу жоспарланған», — деді АҚШ президенті.
Осыған дейін Дональд Трамп екі ел арасындағы соғысты тоқтату үшін қолынан келгенінің бәрін жасайтынын мәлімдеген еді.
Алайда ол Украина және Ресеймен талқылаулар қандай сатыда тұрғанын нақты айтпады.