Трамп президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

Фото: Evan Vucci / AP

Республикашыл Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткенін жариялады. Ол Флоридадағы жақтастарына «Американың алтын ғасыры» болатынын уәде етті, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Мен Америка халқына 47-ші және 45-ші президенті болып сайлану құрметіне ие болғаным үшін алғыс айтқым келеді», — деді ол Флоридадағы жақтастарына.

Трамп «Америка үшін алтын ғасыр» болды деп уәде берді.

«Балаларымыз және сіз үшін лайықты, қауіпсіз және гүлденген Американы құрмайынша мен тыныштық таппаймын. Бұл шынымен Американың алтын ғасыры болады», — деді ол.