Трамп мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Фото: Mario Tama / Getty Images
3 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол бұл уақытты оразаның, дұға мен қауымдық жиындардың қасиетті айы деп атады. Трамптың мәлімдемесін Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады.

«Бұл біз ізгілікте өмір сүру үшін үміт, батылдық пен шабыт алатын уақыт», – делінген Трамптың жолдауында.

Ол өзінің мәлімдемесінде, Трамптың әкімшілігі американдық өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылатын діни бостандықты жақтайды деп жазды.

«Ең алдымен, біз бейбіт болашақты құруға және әрбір адамның жан дүниесінде сақталған қадір-қасиетті мойындауға деген шешімімізді растаймыз», – делінген хабарламада.