Фото: Ақорда
Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды. Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады», — деп хабарлады Ақорда торттың суретін көрсете отырып.