Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.