Тоқаев ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады

Фото: gov.kz

Жанат Элиманов ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметіне бекітілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.